Қазақстандағы Словен үйі дегеніміз не?

Словен үйі словендік және қазақстандық компаниялар арасында байланыс орнату үшін құрылған коммерциялық орталық болып табылады. Орталық жаңа іскери мүмкіндіктерді іске асыру бойынша кешенді бағдарлама жүргізеді. Бұл жерде словендік және қазақстандық мемлекеттік мекемелер мен министрліктер қолдайтын перспективалық ынтымақтастық жөнінде сөз болып отыр, себебі жоба қос мемлекеттің экономикасы мен дамуына үлкен үлес қоспақ.

Бір жағынан, жоба қазақ нарығындағы словен компанияларымен инновациялық коммерциялық ынтымақтастықты қамтамасыз етсе, екінші жағынан, шетелдік нарықтарға ену бойынша жаңа коммерциялық мүмкіндіктер құрайды. Орталықпен ынтымақтастық Сізге өзіңіздің өндірісіңізді кеңейтуге және шикізат пен бұйымдарыңызды словен нарығына, сондай-ақ Еуропалық одақтың басқа да мемлекеттерінің нарығына экспорттау мүмкіндігін береді.

»-->

Бұл жоба кімге арналған?

Жоба жаңа перспективалық нарықтарға өз қызметін кеңейтуге ұмтылған және жаңа коммерциялық мүмкіндіктер көмегімен өзінің іскери жолын жақсартуға тырысқан қазақ және словен компанияларына арналған. Жоба іскери ынтымақтастықты, іскери серіктестермен байланыс орнатуды және Еуропалық ынтымақтастық мемлекеттерінің үлкен нарығына шығуды қамтамасыз етеді.

»-->

Сіз біздің компанияны қандай серіктестермен таныстыра аласыз?

Қазақстандағы Словен үйі жобасына бизнес пен кәсіпорынның түрлі салаларындағы словендік компаниялар қатысады, сондықтан біз Сізге өз мүддеңізге сәйкес келетін компаниялар тізімін ұсына аламыз. Бизнесті интеграциялаудың алдыңғы қатарлы, мақсатқа бағытталған және инновациялық технологиясын пайдалану Сізге словен нарығына және Еуропалық ынтымақтастық нарықтарына сәтті ену мүмкіндігін береді.

»-->

Жобаға қалай қатысуға болады?

Бізбен хабарласып, жобаға қатысты өзіңізді қызықтыратын ақпаратты алыңыз. Біз Сізге өз бизнесіңіздің қазақстандық нарықта қандай әлеуетке ие және оның перспективалары қандай екендігі жөніндегі сұрақтарға жауап береміз. Бұған қоса Сіздің шешім қабылдауыңызға қажетті барлық қосымша ақпаратпен таныстырып өтеміз.

»-->

Жобаның мемлекеттік қолдауы

Жаңалықтар
  1. алдыңғы қатарлы білім мен технологияны әкелетін словендік серіктестермен байланыс ортану;
  2. словендік нарыққа және басқа да шетелдік нарықтарға дереу ену мүмкіндігі;
  3. бірлескен күш, білім және технология көмегімен қазақстандық нарыққа шығу;
  4. мүдделері мен мақсаттары ортақ перспективалы компаниялармен ынтымақтастық,
  5. өзіндік коммерциялық әрекетті жаңғырту және ішкі нарықтағы тұрақтану;
  6. әлеуетті іскери серіктестермен байланыс ортану,
  7. жеткізушілер мен субмердігерлер іздестірудегі көмек;
  8. компания немесе бөлімше құрудағы көмек;
  9. ЕО елдеріндегі жұмыс шарттары жөнінде және коммерциялық мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсыну;
  10. мемлекеттік мекемелердегі қолдау.